Өскен өңір: Әділхан Ержановтың жаңа фильмінің премьерасы Сан-Себастьянда өтеді

Source: Өскен өңір: Әділхан Ержановтың жаңа фильмінің премьерасы Сан-Себастьянда өтеді

Әділхан Ержановтың "Қап-қара адам" ("Черный, черный человек") атты жаңа фильмінің әлемдік премьерасы қыркүйекте 67-ші Сан-Себастьян кинофестивалінде өтеді. 

Әділхан Ержановтың жаңа көркем фильмі ауылда қайтыс болған баланың тарихын баяндайды. Тергеуші Бекзат (Данияр Алшинов) істі тез арада жабқысы келеді, өйткені кінәліні жергілікті полицейлер тауып қойған – ол зиянсыз ақымақ Пукуар (Теоман Хос). Бірақ қаладан келген журналист Ариана (Динара Бақтыбаева) іске араласқанда, бәрі өзгереді. Енді тергеушіге өмірінде бірінші рет осы тергеуді барлық ережелер бойынша жүргізуге тура келеді...

"Менің фильмім өзгеріп, адам болып қалыптасатын кейіпкер туралы. Бұл бірнеше рет айтылған классикалық оқиға, бірақ әрқашан қызықты және мені толғандырады. Біржағынан бұл фильм антидедектив. Бастысы фильмде қылмыскердің кім екенін анықтау емес. Бастысы бас кейіпкер ішіндегі шешімін таба алмай жатқан мәселелерден қалай жол таба алатынын баяндау", - деп түсіндірді Әділхан Ержанов.

Картинаны Ақан Сатаев пен Ернар Құрмашев қолдаған. Олар фильмнің продюсерлерлері. Тергеуші Бекзаттің рөлін Данияр Алшинов, ақымақ Пукуарді Теоман Хос және қаладан келген журналисттің рөлін (Ариана) Динара Бақтыбаева сомдаған.