Барлықтарыңызға жалынды сәлем!
Мен үшін Кино - ескі заттарды жаңаша түрде көрудің бір түрі. Егер көрермен кәдімгі затты бұрын байқамаған жағынан қараса немесе өмірде қараусыз өтіп кететін кейіпкердің адамшылығын зерттесе - бұл кез келген фильмді жасаудың мақсаты емес пе?
Кинематограф - романтиктердің соңғы панасы, сондықтан, мен, өнердің бұл түрі - жеке авторлық әлем құру үшін арналған деп сенемін. Бұл мен реализмді ұнатпаймын деген сөз емес. Мен үшін, реализм - бұлыңғыр ұғым. Ол техникаға, дәуірге, авторға, ракурсқа байланысты өзгереді. Шын мәнінде, шындық - бұл қиял, және неғұрлым ой өткір болса, соғұрлым экранда шындық көп болады.
Кинода көріскенше!
Картина Қазақстанда заңсыз өмір сүріп жүрген мигрант - кішкентай Адемоканың оқиғасын баяндайды. Ол дарынды және талантты қыз, бірақ өмір сүру үшін қайыр сұрауға мәжбүр, ал оның бар арманы – білім алу. Оның заңсыз мәртебесі және азаматтығының жоқтығы бұған айтарлықтай кедергі болып отыр. Бірақ оған кенеттен білім алуға мүмкіндік пайда болады – күтпеген жерден философия пәнінің мұғалімі - Ахаб, маскүнем және өмірден түңілген адам, бұл қызға көмектесуге бел буады…