Әділхан Ержанов, режиссер және сценарист, 1982 жылы 7 тамызда Жезқазған қаласында дүниеге келген.
2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын "режиссура" мамандығы бойынша бітірген.
Әділхан Ержанов - Канн халықаралық кинофестивалінің ресми бағдарламасының екі дүркін қатысушысы ("Үкілі Камшат", 2014, және "Әлемнің ерке енжарлығы", 2018 жыл "Ерекше көзқарас" бағдарламасы).
77-ші Венеция кинофестивалінің “Көкжиектер” конкурстық бағдарламасының қатысушысы (“Сары мысық”, 2020).
“Қап-қара адам” фильмі үшін “Asia Pacific Screen Awards-2019” (Азиялық “Оскар”) жүлдесінің “Үздік режиссер” номинациясының жеңімпазы
EFA Еуропалық киноакадемиясының мүшесі.
APSA Азиялық-Тынық мұхит кинопремиясы академиясының мүшесі.
2017 жылы Брисбенде APSA халықаралық қазылар алқасының құрамында болды.
"Үкілі Камшат" және "Әлемнің ерке енжарлығы" фильмдері APSA сыйлығын алуға "Үздік фильм", "Үздік сценарий" және "Үздік қоюшы оператор" санаттарында ұсынылды.
Әділхан Ержановтың жұмыстары көптеген халықаралық кинофестивальдерде бірнеше рет мойындалды.
"Үкілі Камшат" фильмі әлемдік жетекші киносыншылармен жоғары бағаланып, 2015 жылы Бусан Халықаралық кинофестивалінің "100 үздік азиялық фильмдер" каталогына кірді.
2014 Atelier Cinefondation Канн халықаралық кинофестивалінің, Берлин Халықаралық кинофестивальдің Berlinale Talents'2014 шеберханасы және Locarno Open Doors-2010 бағдарламасының қатысушысы.
Режиссер:
2021 Оқу іздеген Адемока (пост-өндіріс сатысында)
2021 Оңбағандар (пост-өндіріс сатысында)
2020 Ұлболсын
2020 Сары мысық
2019 Атбайдың шайқасы
2019 Қап-қара адам
2018 Әлемнің ерке енжарлығы
2018 Түнгі Құдай
2016 Қаратас ауылындағы оба
2015 Қазақ кинематографының тарихы (Деректі)
2014 Үкілі Камшат
2013 Құрылысшылар
2011 Риэлтор
2007 Бақытжамал (қысқа метр)
Сценарий авторы:
2021 Оқу іздеген Адемока (пост-өндіріс сатысында)
2021 Оңбағандар (пост-өндіріс сатысында)
2020 Ұлболсын
2020 Сары мысық
2019 Атбайдың шайқасы
2019 Қап-қара адам
2018 Әлемнің ерке енжарлығы
2018 Түнгі Құдай
2016 Қаратас ауылындағы оба
2016 Сот орындаушысы
2015 Шлагбаум
2015 №6 істің куәгері
2014 Үкілі Камшат
2013 Құрылысшылар
2011 Риэлтор
2007 Бақытжамал (қысқа метр)
Оператор:
2013 Құрылысшылар
2007 Бақытжамал (қысқа метр)
Монтажер:
2021 Оқу іздеген Адемока (пост-өндіріс сатысында)
2021 Оңбағандар (пост-өндіріс сатысында)
2020 Ұлболсын
2020 Сары мысық
2019 Атбайдың шайқасы
2019 Қап-қара адам
2018 Әлемнің ерке енжарлығы
2018 Түнгі Құдай
2016 Қаратас ауылындағы оба
2015 Қазақ кинематографының тарихы (Деректі)
2014 Үкілі Камшат
2013 Құрылысшылар
2007 Бақытжамал (қысқа метр)