Фильмдер

Атбай шайқасы
Атбай шайқасы

Жеңімпаздары алдын-ала белгіленіп қойылған көше төбелесі бойынша турнирге қатысуды шешкен Атбай атты көше бандитының хикаясы. Бірақ Атбай бұл жарыста жеңіске жетуді өзіне мақсат қояды, себебі ол үшін бұл жеңіс-жаңа өмірді бастау, үлкен спортқа оралу және сүйікті әйелін қайтару мүмкіндігі.

Қап-қара адам
Қап-қара адам

Ауылда бала өлтірілді. Тергеуші Бекзат істі тез арада жабқысы келеді, себебі кінәліні жергілікті полицейлер тауып қойған. Бірақ іс насырға соғады, себебі қаладан журналист келіп іске араласады. Енді тергеушіге осы тергеуді өмірінде бірінші рет барлық ережелер бойынша жүргізуге тура келеді.

Әлемнің ерке енжарлығы
Әлемнің ерке енжарлығы

Қуандық пен Салтанат Астанаға алыс ауылдан келеді. Салтанаттың жанұясы үлкен қарыздарға батқан, оған бай бизнесмендердің ашынасы болуға немесе өмір бойы қарыз шұңқырына бату қаупі төніп тұр. Қуандық Салтанатты құтқарғысы келеді және ақша табуға тырысады. Бірақ, егер сен тек қана атадан қалған қарумен далада аң аулай алсаң, елордада тез ақша табу оңай емес. Үлкен қаланың қатал заңдары жас ғашықтардың барлық құндылықтарын бұзады, бірақ Қуандық пен Салтанат барынша қарсы тұруға тырысады.

Түнгі Құдай
Түнгі Құдай

Сюжет бойынша, екі жұмысшы өзара әңгімелеседі. Адамдар аспанда кометаның қызыл құйрықтарын жиі көреді, жабайы жануарлар ойда жоқта пайда болады, ал жер астынан шу шығады деп айтады. "Бұл не үшін екен?"- деп біреуі сұрайды. Екіншісі, өз өмірінде мұндай ештеңені көрмедім деп жауап береді. Және де барлық осы айтылғандар шын өмірде болса да, бұған назар аудару керек пе? Ең бастысы, өз жұмысыңды орындау, өйткені өмір өз кезегімен жүреді…

Қаратас ауылындағы оба
Қаратас ауылындағы оба

Фильмнің сюжеті Қаратас ауылына келген жас әкім туралы баяндайды. Алайда, жергілікті тұрғындар және басқа да билік өкілдері жаңа бастықтың әдістерімен келіспейді және олардың арасында шиеленіс туындайды.

Қазақ кинематографының тарихы
Қазақ кинематографының тарихы

Бұл жалған деректі фильмде режиссер өзін-өзі ойнайды. Қазақфильм дәліздері бойынша шығатын есікті іздеу кезінде ол басқа да қазақстандық режиссерлерді, өзі сияқты ұшқыр ойлыларды кездестіреді. Сондай - ақ, оның жолында билік органдарының өкілдері де кездеседі және олар Ержановты коммерциялық кино - бұл кинематографиядағы жалғыз өмірлік перспектива деп сендіруге тырысады. Батыл эксперимент, жетінші өнерді жансыз индустрияландыруға қарсы манифест.

Үкілі Камшат
Үкілі Камшат

25 жасар Джон, оның інісі - жасөспірім Ербол және денсаулығы нәзік қарындасы Әлия Алматы қаласындағы үйлерінен кетуге мәжбүр. Бақыттарына орай, олардың анасы балаларына шалғай ауылдан тұрғын үйді өсиеттеп кеткен. Бірақ, он жыл бойы ол үйді заңсыз пайдаланған жергілікті басшының ағасы оны иелеріне беруге асықпайды.

Құрылысшылар
Құрылысшылар

Екі жас ағайынды қарындасымен бірге ата-анасынсыз қалады. Олардың бар байлығы -саяжайдағы жер учаскесі, бірақ оданда төрт айдан кейін айрылулары мүмкін, себебі жаңа заң бойынша пайдаланбаған жерлер мемлекет қарамағына алынатын болады. Сондықтан да, олар қысқа мерзім ішінде үй салулары керек.

Риэлтор
Риэлтор

Дарик - болашақсыз және өткенсіз жүрген ақымақ, ол бір белгісіз болашаққа, әлде бір белгісіз өткенге түседі. Табиғатпен оңаша қалған Дарик аман қалу үшін қалада үйренген барлық амал-тәсілдерін еске алуға мәжбүр болады. Бірақ мұнда, кең далада, ең алдымен, өзіңнің кішкентай тайпаңды жинау қажет.