
"Қап-қара адам" фильмі онлайн-форматта өткен "Сыншылардың таңдауы" сыйлығының бес марапатына ие болды!
Фильм келесі номинациялар бойынша жеңімпаз атанды:
Үздік фильм-драма: бас продюсерлер Ақан Сатаев, Эрнар Құрмашев, продюсерлер Серік Әбішев, Ольга Хлащева
Үздік режиссер: Әділхан Ержанов
Үздік оператор: Айдар Шәріпов
Үздік актер: Данияр Алшинов
Үздік актриса: Динара Бақтыбаева
Мен "Қап-қара адам" фильмінің барлық командасын бұл жеңіспен құттықтаймын және осы тамаша сыйлықты ұйымдастырып, өткізген Қазақстан киносыншылар қауымдастығына алғысымды білдірем!