"Қап-қара адам" фильмінің алғашқы қазақстандық көрсетілімі өтті

27 қарашада Chaplin Mega Alma-Ata кинотеатрында Әділхан Ержановтың "Қап-қара адам" фильмінің алғашқы қазақстандық көрсетілімі өтті. Фильм "Astana Film Fund" компаниясымен "Short Brothers" және "Arizona Productions" компанияларының қатысуымен жасалған.

Картинаны режиссер Әділхан Ержанов, бас продюсерлер Ақан Сатаев пен Эрнар Құрмашев, сондай-ақ басты рөлдерді орындаушылар Данияр Алшинов пен Динара Бақтыбаева таныстырды.

Фильмнің әлемдік тұсаукесері биылғы жылы Сан-Себастьяндағы 67-ші кинофестивалде өткен болатын, енді міне картина отандық киносүйер қауымға да жетті. Қазақстандық прокатқа "Қап-қара адам" келесі жылы шығады.