Бүгін, 21 қарашада Австралияның Брисбэн қаласында өткен "Asia Pacific Screen Awards-2019" сыйлығын тапсыру салтанатты рәсімі барысында режиссер Әділхан Ержанов "Қап-қара адам" фильмі үшін "Үздік режиссер" номинациясында жеңімпазатанды.
Осылайша, Ержанов осы номинацияға ие болған ең алғашқы қазақстандық режиссер болып отыр. Оның қарсыластарының қатарында мынадай танымал режиссерлар болды: филиппиндік Лав Диас, қытайлық Ван Сяошуай, палестиндік Элиа Сүлейман және тай елінен Аноча Сувичакорнпонг. "Asia Pacific Screen Awards" (APSA) кино саласындағы ең ірі әлемдік сыйлықтардың бірі болып табылады және ЮНЕСКО және ФИАПФ (халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы Федерациясы) қолдауымен өткізіледі. Оны жиі азиялық "Оскар" деп атайды.
"Қап-қара адам" фильмі "Short Brothers" және "Arizona Productions" компанияларының қатысуымен "Astana Film Fund" компаниясымен түсірілген. Картинаның әлемдік тұсаукесері биылғы жылдың 23 қыркүйегінде Сан-Себастьяндағы 67-ші Халықаралық кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасы аясында өтті. Фильм қазақстандық прокатқа келесі жылы шығады.
"Бұл біз үшін үлкен құрмет, мен командамыздың бірлесіп атқарған еңбегінің бағаланғанына өте қуаныштымын. Мен "Қап-Қара адам" фильмінің барлық ұжымын осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймын!"-деп режиссер өз әсерімен бөлісті.
Бұған дейін режиссердің екі картинасы номинацияларға ие болған: "Үкілі Камшат" 2014 жылы "Үздік фильм" және "үздік операторлық жұмыс" үшін және "Әлемнің ерке енжарлығы" 2018 жылы "Үздік фильм" және "Үздік сценарий" үшін. Сонымен бірге, Әділхан Ержанов APSA академиясының құрметті мүшесі болып табылады.
"Қап-қара адам" ауылда өлтірілген баланың тарихын баяндайды. Тергеуші Бекзат (актер Данияр Алшинов) істі тезарада жабқысы келеді, себебі кінәліні–зиянсыз ақымақ Пукуарды (Теоман Хос) – жергілікті полицейлер тауып қойған. Тек қаладан келген журналист Ариана (Динара Бақтыбаева) іске араласқандағана, іс орнынан қозғалады. Енді тергеушіге осы істі өмірінде бірінші рет барлық ережелерге сайжүргізуге тура келеді...
Фильмнің басты продюсерлері Ақан Сатаевпен Эрнар Құрмашев. Сценарий авторлары Әділхан Ержанов және нидерландтық Ролоф Ян Миннебоо. Халықаралық ілгерілету бойынша продюсер – Ольга Хлащева, атқарушы продюсер– Серик Абишев, екеуі де режиссердің барлық фильмдерінде жұмыс істеген. Фильмнің операторы ресейлік Айдар Шәріпов, Ержановпен бұрын "Әлемнің ерке енжарлығы" фильмінде жұмыс атқарған. Қоюшы суретші-режиссер Ермек Өтегенов, режиссердің тағы бір тұрақты серіктесі. Фильмнің әуенін атақты музыкант Ғалымжан Молданазар жазды.