Кинорежиссер Әділхан Ержановтың бірден 4 картинасы әртүрлі елдердің кинофестивальдеріне қатысуда. Оның ең алғашқы толық метражды режиссерлік жұмысы - "Риэлтор" фильмі посткеңестік елдерінің Халықаралық кинофестивалінің "Мәскеу премьерасы" бағдарламасына шақырылды (29 қазан-3 қараша). 2011 жылы түсірілген фэнтези-драма Мәскеуде "Еуразиялық кеңістік. ХХІ ғасыр. Толық метражды Дебюттер" секциясында көрсетіледі. Бұл туынды ресейлік киносүйерқауымға о бастан-ақ ұнаған, ол туралы кезінде "Кино өнері" журналы «Кин-дза-дза-ның» ұлттық нұсқасы, бірақ бөтен жұлдыздардан емес, өз ата-бабалар мен отбасылық аңыздардан құралған» картина деп жазды. 2011 жылы "Риэлтор" "Киношок" фестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді және де басқа да ресейлік кинофестивальдерде бірқатар жүлделер алды.
2014 жылы Ержанов түсірген "Үкілі Камшат" картинасы қараша айында Санкт-Петербург қаласында өтетін "DairaFest" халықаралық өнер фестивалінің бағдарламасына шақырылды. Бұл фильм алғаш рет 67-ші халықаралық Канн кинофестивалінің ресми бағдарламасы аясында көрермендерге таныстырылып және одан кейін өте сәтті фестивальдық тағдырға ие болған: "Үкілі Камшат" ресейдің "Ника" сыйлығына, азиялық "Оскар" - "Asia Pacific Screen Awards" сыйлығына ұсынылды, сондай-ақ Торонто, Бусан, Варшава және Мәскеуді қоса алғанда, бүкіл әлем бойынша 20-дан астам беделді фестивальдарға қатысып, бірқатар марапаттарға ие болды. 2015 жылы туындыны Бусан халықаралық кинофестивалі өзінің "100 үздік азиялық фильмдер" каталогына енгізді.
Ал "Түңгі құдай" фильмі Denver Film Festival кинофестивалінің бағдарламасында көрсетілетін болады (30 қазан-10 қараша, Денвер, АҚШ). Бұл 2018 жылғы авторлық фэнтези-драма, оның тұсаукесері 40-шы Мәскеу Халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында өтті және онда оны әлемдік баспасөз басылымдары Андрей Тарковский мен Алексей Германның картиналарымен салыстырған. Бұл фильм барлық тұрғындар қорқынышпен аспанда бір мифтік жаратылыстың пайда болуын күтетін қаладағы шаршаған адамның және оның жасөспірім қызының саяхаты туралы баяндайды. Аты аңызға айналған американдық кинокритик Джонатан Розенбаум туындыны "Дыбыстар мен бейнелер шеберінің, үмітсіз ақынның қарғысы" деп сипаттады.
Ал Ержановтың жаңа фильмі "Қап-қара адам" қазіргі таңда Стамбулда өтіп жатқан 7-ші халықаралық Bosphorus Film Festival-не қатысуда, бұл фестиваль 25 қазанға дейін жалғасады. Бұл қиын жағдайларда адам болып өзгеретін батыр туралы нуар-триллер алғаш рет осы жылдың қыркүйек айында Сан-Себастьяндағы 67-ші халықаралық кинофестивальде, одан кейін Бусан мен Бергендегі (Норвегия) фестивальдарде көрсетілді.
"Риэлтор", "Үкілі Камшат" және "Түнгі Құдай" картиналары Short Brothers компаниясының қатысуымен "Қазақфильм" киностудиясында түсірілді, ал "Қап-қара адам" фильмі Short Brothers және Arizona Productions компанияларының қатысуымен Astana Film Fund компаниясымен жасалды.