Әділхан Ержановтың "Ұлболсын" фильмі Сараево кинофестивальінде Work-In-Progress секциясында жеңіске жетті

Режиссер Әділхан Ержановтың "Ұлболсын" көркем фильмі 26-шы SarajevoFilmFestival-нің Work-In-Progress (өндіріс сатысындағы жобалар) секциясында бас жүлдені жеңіп алды. Босния мен Герцеговинаның астанасында орналасқан бұл кинофестиваль биыл 14-21 тамыз аралығында онлайн режимде өтті. Картина биылғы жылдың қысында Алматы облысында түсірілген. Өндіруші компания – Sunny Production (Қазақстан), ShortBrothers (Қазақстан) және ArizonaProductions (Франция) компанияларының қатысуымен. Қазіргі таңда фильм пост-продакшн сатысында тұр.

Ержановтың жаңа жұмысының басты кейіпкері, қалада тұратын, күшті әрі жігерлі Ұлболсын. Оның сіңлісі Ажар Қаратас ауылындағы мектепті бітіреді. Ұлболсынның өзінің сүйікті сіңлісінің болашағына деген үлкен жоспарлары бар – ол Ажарды беделді шетелдік университетке түсіру үшін жеткілікті ақша жинады, бұл қыздың болашақта мансап жасауға және еркін және тәуелсіз болуына мүмкіндік береді. Алайда, ол Қаратасқа келгенде, қызды жергілікті емші, ауыл тұрғындарының құрметіне ие - Үрген есімді адамның өзінің тоқалына айналдыру үшін ұрлап кеткенін көреді. Ұлболсын мұны осылай қалдыруға болмайтынын түсініп, Каратастың патриархалды әлемімен күресуге бел буады…

Картинаның бас продюсері – Асель Садвакасова, сондай-ақ ол басты кейіпкер – Ұлболсынның рөлін сомдады. Естеріңізге сала кетсек, Садвакасова Ержановтың тағы 2 жұмысын – "Атбайдың шайқасы" және "Сары мысық" туындыларын шығаруға көмектескен. Басты кейіпкердің сіңлісі Ажар рөлін жас актриса Динара Сағи сомдады. Актер Ерболат Әлқожа емші Үргеннің рөлін сомдады. Сондай-ақ, фильмге беделді актерлер Берік Айтжанов, Санжар Мәди және Данияр Алшинов қатысты. Бір қызығы, Алшинов эпизодта "Қап-қара адам" фильміндегі өзінің кейіпкері – детектив Бекзат рөлінде пайда болады. Сондай-ақ, картинаға Ержан Жаманқұлов, Нұрбек Мұқұшев және Еркен Құбашев түскен.

- Мен үшін әйелдер әрқашанда ерлерден барлық жағынан мықты болып көрінген - моральдық түрдеде, сезімдік жағынан да. Сондықтанда бұл фильмде күшті әйел кейіпкерін құрастыру мен үшін қызықты болды. Менің ойымша, кейіпкер Ұлболсын мен оны ойнаған Әсел Сәдуақасова екеуі де мықты әйелдер, олардың ішкі өзектері берік, мықты жандар, - деді Әділхан Ержанов.

"Ұлболсын" - режиссер Ержанов пен оператор Азамат Дулатов арасындағы ынтымақтастықтың алғашқы тәжірибесі. Сценарий авторы - Әділхан Ержанов. Продюсерлер – Серік Абишев пен Ольга Хлащева. Ко-продюсер - Гийом де Сиель. Ассоциативті продюсер - Филип Че. Қоюшы-суретші – Ермек Утегенов. Композитор –Алуа Орентай.