Кеше, 23 қыркүйекте, Испанияда Әділхан Ержановтың "Қап-қара адам" фильмінің әлемдік тұсаукесері болып өтті. Картина 28 қыркүйекте аяқталатын Сан-Себастьяндағы 67-ші Халықаралық кинофестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасы аясында көрсетілді. Бұл режиссердің 7-ші толық метражды көркем фильмі, Short Brothers және Arizona Productions компанияларының қатысуымен Astana Film Fund компаниясы түсірген. Фестивальдің халықаралық қазылар алқасының төрағасы атақты ирланд кинорежиссері Нил Джордан ("Вампирмен сұхбат", "Плутондағы таңғы ас").
Көрсетілімнен кейін, режиссер, сценарий авторы және картина монтажері Әділхан Ержановтың, фильмдегі басты рөлдерді орындаушылар Данияр Алшинов пен Динара Бақтыбаеваның, сценарий со-авторы Ролаф Ян Миннебоо, продюсер Серік Әбішев, қоюшы-оператор Айдар Шәріпов және қоюшы-суретші Ермек Өтегеновтің қатысуымен баспасөз-мәслихаты болып өтті.
Баспасөз мәслихатында Ержанов өз фильмін нуар жанрында түсіргенін айтты: "Бұл ең алдымен жанрлық фильм", - деді ол. Көрсетілімнен кейін бірден әлемдік баспасөз басылымдарында фильм туралы жақсы пікірлер пайда бола бастады: біреулер фильмді "әдемі, иронияға толы, талғампаз шығарма" десе, басқалары "қызықты авторлық триллер" деп атап және оның "қатал сұлулығына" тоқталып өтті. "Қап-қара адамды" көптеген басылымдар фестивальдің ең қызықты және лайықты суреттерінің бірі деп атауда. Естеріңізге сала кетсек, San Sebastian International Film Festival президенті Хосе Луис Ребординос осы жылдың бағдарламасы туралы айтқанда да, осындай пікірде болған.
Бұл атмосфералық триллер ауылда өлтірілген баланың оқиғасы туралы айтады. Тергеуші Бекзат (актер Данияр Алшинов) істі тез арада жабқысы келеді, себебі кінәліні – зиянсыз ақымақ пукуар (Теоман Хос) - жергілікті полицейлер алдын-ала тауып қойған. Бірақ, қаланың журналисті Ариана (Динара Бақтыбаева) іске араласқанда, бәрі өзгереді. Енді тергеушіге өмірінде бірінші рет осы тергеуді барлық ережелер бойынша жүргізуге тура келеді.
Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы "Қап-қара адам" Almaty Film Festival аясында питчинг жобаларының жеңімпазы («Қуандық» деген атпен) атанған болатын. Фильмнің басты продюсерлері Ақан Сатаев пен Эрнар Құрмашев. Фильмге музыканы танымал қазақстандық музыкант Ғалымжан Молданазар жазды.
San Sebastian International Film Festival - әлемдегі ең көне "А" класты кинофестивальдердің бірі (Канн, Берлин және Венециямен қатар).