"Үкілі Камшат" "Край света" кинофестивалінде

Біздің тұрақты серіктесіміз, продюсер Ольга Хлащева өткен аптада Сахалиндегі "Край света" кинофестивалінде "Үкілі Камшат" атты картинамызды жергілікті көрермендерге ұсынды. Ольга фестивальге халықаралық конкурстық бағдарламаның қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты және осы қазылар алқасы фестиваль қорытындысы бойынша келесі фильмдерді үздік деп таныды:

Бас жүлде - "Алпауыт", реж. Кантемир Балагов (Ресей)

Үздік режиссерлік жұмысы үшін жүлде - Кристина Грозевая мен Петар Вылчанов, «Әке» (Болгария).

Үздік ер рөлін орындағаны үшін жүлде - Александр Кузнецов және Алексей Филимонов, «Үлкен поэзия», реж. Александр Лунгин (Ресей).

Әйел рөлін үздік орындағаны үшін - Виктория Мирошниченко мен Василиса Перелыгина, "Алпауыт" реж. Кантемир Балагов (Ресей).

Қазылар алқасының арнайы жүлдесі - "Көп үміт күттіретін режиссерлік дебют үшін" - режиссер Александр Золотухин, «Орыс бала» (Ресей).

"Үкілі Камшат" фильмі "Қазылар алқасының фильмдері" конкурстан тыс бағдарламасында көрсетілді. Бұл бағдарламада қазылар алқасының мүшелері қатысқан туындылар көрсетілді.