Өндіріс үстіндегі Әділхан Ержановтың "Атбай шайқасы" көркем фильмі KVIFF EasternPromises жобаларының "Work-In-Progress" секциясына қатысты. Питчинг Карловы Вардағы 54-ші Халықаралық кинофестивальдің аясында өтті. Бұл Чехиядағы ең ірі фестиваль және Орталық және Шығыс Еуропадағы ең беделді, әлемдегі ең көне "А" класты кинофестивальдерінің бірі (Канн, Берлин және Венециямен қатар). Оның іскерлік алаңы әлемдік кинобизнестегі маңызды ивенттердің бірі болып саналады.
Картина көше төбелесі бойынша турнирге қатысатын Атбай атты бандиттың хикаясын баяндайды. Атбай жеңіске жеткісі келеді, себебі ол үшін бұл жеңіс - жаңа өмірдің бастауы, үлкен спортқа оралу және сүйікті әйелін қайтару мүмкіндігі.
Бас кейіпкер Атбайдың рөлін актер Данияр Алшинов орындады. Сонымен қатар, фильмде танымал қазақстандық әртістер Санжар Мәди, Әсел Сәдуақасова мен Динара Бақтыбаева өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Сәдуақасова фильмнің бас продюсері болып табылады. Халықаралық ілгерілету бойынша продюсер – Ольга Хлащева, және атқарушы продюсер -Серік Әбішев, екеуі де ұзақ уақыт бойы Ержановпен жұмыс істеуде.
- Шайқас көріністері Атбайдың ішкі қақтығысын, оның өзімен, әлсіздіктерімен, өзінің өткенімен және кінәлі сезімімен ішкі күресін көрсетеді, - дейді режиссер Әділхан Ержанов фильм идеясы туралы.
Қазіргі уақытта негізгі материал түсіріліп, фильмнің алғашқы нұсқасы құрастырылды.